Қытайдың АҚШ-қа қарсы сауда соғысындағы басты қаруы - юан
Қытайдың АҚШ-қа қарсы сауда соғысындағы басты қаруы - юан
7 жыл бұрын 4022 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі екі алып державаның арасында жүріп жатқан сауда соғысы қытайдың ұлттық валютасына қалай әсер етуде? Сауда соғысынан экономикасына келетін залалды кеміту үшін Қытайдың Орталық банкі қандай стратегиялық шараға жүгінеді? Соңғы уақытта, дәлірегі, сауда соғысы басталғалы қытайдың ұлттық валютасы барынша құнсызданып, төменгі шекті деңгейіне жетті. Алайда, юан сауда-өлшем кәрзеңкесінде тұрақты түрде нығайып келеді, өйткені, долларға бағамына шаққанда өзге валюталар юанға қарағанда одан бетер құнсызданып жатыр. Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. Standard Chartered Plc-тің Азия жөніндегі стратегі Эдди Чуннің айтуынша, Қытай билігі юанның одан ары құлдырауына жол бермеудің барлық амалын қарастырады әрі аталған кәрзеңкеде одан ары нығаюына мүдделі. "Дәл қазір Қытай үшін доллар мен юан бағамын тұрақтандырудың маңызы зор",- деді ол ойын ары сабақтап. Ал Ping An Securities Co-ны бас экономисі Чжан Миннің топшылауынша, қытайдың орталық банкі юанның әлсіреуіне жол бере отырып, өзге тәсілді қолданып көруі мүмкін. Ең бастысы, кәрзеңкедегі бағамы тұрақталса болды. Юанның құлдырауынан билік қорықпайды, өйткені, капиталдың жылыстауына қатаң шектеу қойған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Қытайдың сауда соғысында экономикасына залал келтіріп алмай АҚШ-тың протекционистік саясатына қалай қарымта қайтаруына байланысты болмақ. Барлық шаралар қарастырылған. Десе де оның барлығы юанның бағамына байланысты. Қытай билігі қаржы шарттарын жұмсартуы мүмкін өз кәсіпорындарына көмек ретінде. Алайда, мұның өз кемшілігі бар: әсіресе, жылжымайтын мүлік саласында экономикаға еш пайдасы жоқ "көбік" мәмілелер белең алып кетуі мүмкін. Я болмаса Қытай билігі бұдан да қатаң шараға баруы мүмкін: мысалы, юан бағамын күрт құлдыратуы арқылы. Бұл, әлбетте, АҚШ-қа қарымта қайтаруда мықты тәсіл болғанымен Қытайдың өзіне де оңай тимесі анық. Ұлттық валютаны құнсыздандыру елден капиталдың жылыстауын шапшаңдатып жібереді. 

0 пікір
Мұрағат