Қытайдың әлем елдерінің медициналық мәліметтерін жинауы қандай қатер төндіреді
|
Қытай жылдар бойы АҚШ секілді алып державалардан бастап, әлемнің әр елінен медициналық мәліметтерді жинаумен айналысып келеді. Бұл әлем елдерінің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Бұл жайында islam.kz порталы АҚШ-тың ұлттық қарсы барлау және қауіпсіздік жөніндегі орталығының (NCSC) ақпараттық анықтамасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш орталық құжатында айтылғандай, Қытай билігі медициналық мәліметтерді заңды жолмен де, заңсыз жолмен де жинаған. Тәжді тажал пандемиясы тұсында медициналық мәліметтерді жинауда белсенділік танытып отыр. Қытайдың алдыңғы қатарлы BGI биотехнологиялық компаниясының соңғы алты айда әлемнің 18 елінде зертханасы ашылған әрі әлемнің 180 еліне тест сатқан. Осы зертханалар арқылы қытай ғалымдары әлемнің күллі медициналық мәліметіне қол жеткізе алады. Түрлі көздер мен арналар арқылы. Соның ішінде, түрлі популяция геніне қатысты материалдар экономика мен ұлттық қауіпсіздікте құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жинақталған медициналық мәліметтер өз кезегінде жаңалықтарға жол ашып, түрлі емдеу тәсілдерінің пайда болуына ықпал етпек. Алайда, бұл Қытайдың инновациясына тәуелді ететін стратегиялық тұрғыдан қатерлі қадам болмақ.