Қытайды дамуша ел мәртебесінен айырды
Қытайды дамуша ел мәртебесінен айырды
2 жыл бұрын 1301 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшелері барлық бірлескен халықаралық ұйымдар аясында Қытайды дамушы ел мәртебесінен айыру туралы заң жобасын бірауыздан қолдады, ол жақын арада қабылданады. Бұл жайында islam.kz порталы Hill мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Қытай дамушы елдерге берілетін артықшылықтар мен жеңілдіктерден қағылады. Дәлірегі, халықаралық қандай да бір келісім-шарттар мен мәмілелерде дамушы ел мәртебесіне қарай жеңілдіктер қарастырылады. Қытай әлемдік экономиканың 18,6 пайызын құрайтын әлемдегі екінші ірі экономика. Қытай экономикасы АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. Десе де дамыған және дамушы ел мәртебелерінің нақты ара-жігін ашып көрсететін анықтама жоқ. Бұл тарапта елдердің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім маңызды рөл ойнайды. Мәселен, Катар дамушы ел мәртебесіне ие болғанымен жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда әлемде бірінші орында тұрған ел, алайда, технологиялық әлеуеті мен экспорттық көрсеткіші төмен немесе қазба байлығына ғана арқа сүйеген ел, яғни, өнеркәсібі өркендемеген елдер қатарында тұрғандықтан және өзге де факторларға байланысты дамушы елдер мәртебесіне ие болуы мүмкін. Демек, дамушы елдерге ең тән ең негізгі белгілердің біріне дамыған елдерге тән емес азаматтарының денсаулығы пен өлім-жітім деңгейін жатқызуға болады. Дамушы және дамыған елдер мәртебесі статистикалық жіктеуге қолайлы шартты ұғым.

 

0 пікір
Мұрағат