Қытайдан технологиялық компаниялар қаша бастады
Қытайдан технологиялық компаниялар қаша бастады
4 жыл бұрын 4452 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы заманғы озық технологиялық өнімдерімен аты шыққан Apple және Tesla компанияларын қуаттау компоненттерімен жабдықтайтын тайвандық Delta Electronics технологиялық компаниясы Қытай аумағындағы фабрикасындағы қызметкерлерінің санын қысқартып, өндірісті оңтүстік-шығыс Азия елдері мен Үндістанға көшіреді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш компанияның басқарма жетекшісі Ианси Хайден (Yancey Hai) сұхбат алған Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, қазірдің өзінде Қытайдағы тайвандық фабрика қызметкерлерінің қарасы 40 пайызға кеміген, бұл шегі емес – компания бұл көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр. Осылайша Delta Electronics фабрикасында қызметкерлердің оннан бірі ғана қалмақ. Delta Electronics жетекшісі Қытайдан кету себебін Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысымен түсіндіргісі келгенімен, жалғыз бұл ғана емес еді - тайвандық компанияның Қытайдан өзге елдерге жылыстауының төркіні басқада жатыр: экономикасы АҚШ-тан кейінгі орынға шыққан елдің тартымдылығы кеміп кеткен, дәлірегі, Delta Electronics компаниясының фабрикасы Дунгуан қаласында ашылған 1992 жылдан бері жалақы мөлшері он есе өскен, яғни, халқы көп Қытайда жұмысшы күші арзан дейтін ұғымның мәні жоғалып барады, бұл тарапта Үндістан тартымды көрінеді. Сондай-ақ, Delta Electronics жетекшісі Қытайда жұмысшы күшін көп қажет етпейтін (42 адамның жұмысын 3 адамның атқаруына мүмкіндік беретін) автоматтандырылған өндіріс қалады. Delta Electronics — жалғыз компания емес Қытайдан ірге аударғысы келетін. Қытай аумағындағы көптеген шетелдік компаниялар биліктің қас-қабағынан ығып отыр, көшу процесін қиындатып жібере ме деген қауіппін. Екінші жағынан, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысынан баж салығы көтеріліп, ауыртпалық түсіріп отыр, яғни, өнімнің өзіндік құнын көтеріп жіберген. Бұдан бөлек, Қытай билігі өздерінің технологиялық компанияларын қырына алып отыр. Мәселен, әлемге әйгілі Alibaba — Қытай билігінің түрлі қысым-қыспағынан зардап шегіп отыр (соның ішінде Alibaba қожайынан медиаактивтерінен бас тартуды талап етіп отыр. The Wall Street Journal (WSJ) ақпарат көзінің жазуынша, мұндай активтердің арасында Weibo микроблог сервисіндегі 30 пайыз үлес Alibaba-ға тиесілі, Гонконгте шығатын, ағылшын тілінде хабар тарататын South China Morning Post мерзімді басылымы да бар. Бұл айтылғандардан бөлек, Yicai Media Group қытайдың аса ірі медиакорпорациясында және  Focus Media жарнама компаниясында да үлесі бар. Қытай билігі идеология қару саналатын медиаактивтерінен бас тартқызу арқылы өз бақылауын күшейтуді көздеп отыр). Таяуда Қытай билігі дүкен сөрелерінен Alibaba-ға тиесілі UC Browser браузері қолды қылды. Бұған дейін қытай билігі Ant Group қаржылық еншілес компанияға биржаға шығуына тыйым салған еді. Сондай-ақ, 2018 жылы Yuanfudao ағартушылық бағыттағы онлайн-сервисті сатып алуға қатысты Tencent технологиялық конгломератіне де талап қойды. 

Ұқсас материалдар:  

"Сауда соғысына байланысты шетелдік компаниялар Қытайдан кетіп жатыр" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/sauda-sogysyna-bailanysty-sheteldik-kompaniyalar-qytaidan-ketip-jatyr-10872/#gsc.tab=0);

"Шетелдік инвесторлар Қытайдан кетіп жатыр" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/sheteldik-investorlar-qytaidan-ketip-jatyr-7438/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат