Қытайдан капиталдың жылыстауы рекордтық деңгейге жетті
Қытайдан капиталдың жылыстауы рекордтық деңгейге жетті
1 жыл бұрын 1245 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың құнды қағаздар нарығын реттеу жөніндегі басқармасы (CSRC) жергілікті брокерлік фирмалар мен олардың шетелдегі бөлімшелеріне Қытайдағы клиенттерге құнды қағаздармен және өзге де активтермен шетелде саудаласуына мүмкіндік беретін жаңа шот ашуға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, оларға шетелде акцияларды жарнамалауды тоқтатуға пәрмен берді. Қытай халық республикасы билігінің мұндай қатаң қадамға баруына елден капиталдың жылыстауы себеп болып отыр. Тамыз айында елден 49 млрд доллар сыртқа кеткен, бұл – рекордтық көрсеткіш. Инвесторлар елдің экономикалық өсу қарқынының баяулауына әрі қытайдың ұлттық валюта бағамының төмендеуіне байланысты кетіп жатыр. Әлбетте, қытай билігі шетелде сауда жүргізуге толық тыйым салуға құлықты емес. Дегенмен, сырттағы сауданы бақылауына алуға мүдделі. Соның ішінде барлық мәмілені ресми арналар арқылы, мәселен, Stock Connect (Шанхай және Гонконг қор биржалары арқылы бағалы қағаздармен сауда жасауға арналған платформа) арқылы бақылағысы келеді.

0 пікір
Мұрағат