Қытайдан біртүрлі мақұлық табылды
Қытайдан біртүрлі мақұлық табылды
9 жыл бұрын 5134

Қытайдың Шэньчжэн су қоймасынан біртүрлі мақұлық табылды. Оны тапқан адам таспаға түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастырған екен. Жағдайы мәз болмаса да тісімен темір тордың сымын оңай кеміргеніне қарап, YouTube пайдаланушылары оның қандай мақұлық екенін өздерінше жорамалдап, пікірлерін білдіріп жатыр. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Ғаламтор пайдаланушыларының бұл тұрғыда пікірі екіге жарылды. Біреулері оны сирек кездесетін әрі дертке шалдығып, жүні түсіп қалған аюдың қонжығы десе, енді біреулері аталмыш су қоймасының қатты ластануы салдарынан тұқымы азып, генетикалық деформацияға ұшыраған мутант деп топшылап отыр. Ал, зоолог Дэвид Нилдің айтуынша, бұл видео Қытайда емес, Борнеода түсірілген деп есептейді. Өйткені, ол айтқан жерде осыған ұқсас мақұлықты көргендер бар болып шықты.

0 пікір
Мұрағат