Қытайдағы вирус: концлагерьдегі мұсылмандар жаппай қырылуы мүмкін
Қытайдағы вирус: концлагерьдегі мұсылмандар жаппай қырылуы мүмкін
5 жыл бұрын 2859 bugin.kz Асхат Қасенғали

Лагерь тұтқындарына қауіп төнді. Қытайдағы вирустың салдарынан концлагерьге қамалғандар қырылып қалуы мүмкін. Бұл туралы Батыстық зерттеушілер мен адам құқығын қорғаушылар мәлімдеді. 

Вашингтон мемориалдық коммунизм құрбандары қорының аға зерттеушісі Адриан Зенц вирустың Шыңжаңдағы оқиғаларға қатты әсер ететінін жазды.  

Джорджтаун университетінің Қытай тарихы бойынша профессоры Джеймс Миллфард болса лагерьлердің вирусқа қарсы дайындығының мүлде жоқтығына, тіпті қарапайым тазалықтың төмен дәрежеде екенін айтқан.   

- Өте нашар жағдайда өмір сүріп, құнарсыз тағам ішіп, суық пен ауыр жұмысқа салынған лагерь тұрғындары үшін бұл вирус апат алып келері анық. Қытай лагеріндегілерді босатып, үйіне қайтаруы тиіс. Олай етпесе, тұтқындардың мыңдап, тіпті миллиондап қырылуы мүмкін екенін ескертемін, - деді ол. 

The New York Times басылымының журналисі Остин Рамзи болса, вирус тарап, лагерь халқы қырылса да, билік оны жасырын ұстайтын болады деген пікірде.  

0 пікір
Мұрағат