Қытайдағы тікелей инвестиция бұрын-соңды болмаған деңгейде төмендеді
Қытайдағы тікелей инвестиция бұрын-соңды болмаған деңгейде төмендеді
1 жыл бұрын 1048 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай экономикасына тартылған тікелей инвестиция көрсеткіші бақылау жүргізіліп келе жатқан 1998 жылдан бері, яғни, 25 жыл ішінде алғаш рет ең төменгі деңгейге жеткен. Бұған қытай экономикасының баяу өсімі мен геосаяси ахуал (Тайуан мәселесі мен өзге де факторларға байланысты батыс елдері енгізген экономикалық шектеулер) әсер еткен. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, сәуір-маусым айларында Қытайдағы тікелей шетелдік инвестиция мөлшері 4,9 миллиард долларға дейін төмендеп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 87%-ға дейін құлдыраған. Өткен жылдың бірінші тоқсанында Қытайдағы тікелей шетел инвестициясының 101 млрд доллардан асқанын айта кету керек. Бұдан бөлек, экспорт пен импорт та кеміп кеткен. Қытай экономикасы сыртқы сауда-саттыққа бағдарланғандықтан экспорттың кемуінен көп зардап шегеді. АҚШ тарапынан енгізілген жоғары кеден салығы (сауда соғысы), пандемия, геосаяси ахуал сауысқаннан сақ шетелдік инвесторлардың Қытайдан бойын аулақ ұстауына әкелді. Бұдан бөлек, шетелдік бизнес Қытайдағы экономикалық ахуалға мемлекет тарапынан бақылаудың күшейгеніне алаңдаулы.

Ұқсас материалдар:

«Қытай эконоикасын күйрететін жасырын фактор анықталды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-ekonoikasyn-kuiretetin-jasyryn-faktor-anyqtaldy-19005/#gsc.tab=0);

«Қытайдың шетелдік инвестициясы күрт кеміді. Неге?» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-sheteldik-investitsiyasy-kurt-kemidi-nege-11499/#gsc.tab=0);

«Әлемнің 2-ші экономикасы аталған елдің АҚШ-ты басып оза алмайтындығының себебі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemnin-2-shi-ekonomikasy-atalgan-eldin-aqsh-ty-basyp-oza-almaityndygynyn-sebebi-aityldy-19019/#gsc.tab=0);

«Қытайдың ірі держава болуына кедергі келтіретін бір кемшілігі бар» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-iri-derjava-boluyna-kedergi-keltiretin-bir-kemshiligi-bar-15475/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат