Қытайдағы қызықты жайттар
Қытайдағы қызықты жайттар
10 жыл бұрын 10179 bigpicture.ru

Қытайда адамды таңқалдыратын таңсық жағдаяттар көп. Біреуге ерсі көрінер, біреудің есін екеу, түсін төртеу ететін көріністер көп бұл елде. «Біле жүргеннің артығы жоқ» деген нақылды ұстанып, қытай «қызықтарын» алдарыңызға тартып отырмыз. 

OddChina01 21 шокирующий факт про Китай

1. Әскерилер басын тік ұстауы үшін жағасына ине қадап алады. Суретке анықтап үңіліп қарасаңыз жетіп жатыр. 

OddChina02 21 шокирующий факт про Китай

2. Әскери полицияның сап түзеп, шеру тартқанда қолдарының белгілі бір деңгейде көтеруін қадағалау үшін арнайы сым тартылады.

OddChina03 21 шокирующий факт про Китай

3. Қытайда 100 миллионға жуық адам күніне 1 долларға күнелтеді.

OddChina05 21 шокирующий факт про Китай

5.Қытайда көбінесе мейрамханаларда тапсырыс бермейді, ондай жерге өздерімен бірге үйден ала шыққан тамақтарын жеу үшін бас сұғады.

 
OddChina06 21 шокирующий факт про Китай
6. Қытай зайырлы мемлекет болғанымен бұл елдегі христиандардың қарасы мұсылмандардан екі есе көп. Қытайдағы христиандардың қарасы 54 млн адамды құрайды. 

OddChina07 21 шокирующий факт про Китай

7.Әлемнің өзге елдеріне қарағанда Қытайда тұтқындарды 4 есе көп жазалайды.  

 

 
OddChina10 21 шокирующий факт про Китай

9. Қытай полициясы қазды агерссиялық «мінезі» мен көзінің жақсы көретініне байланысты иттердің орнына жиі пайдаланады.  

 

OddChina11 21 шокирующий факт про Китай

10. Қытайда демографиялық ахуалға байланысты қолға алынған «бір бала саясаты» бойынша жыл сайын миллионға жуық әйел түсік жасатады.

 

OddChina12 21 шокирующий факт про Китай

11. Қытайда  30 миллион адам үңгір үйлерде тұрады. Бұл үйлер  «яодун» деп аталады. Яғни, өз алдына бір құрлықты алып жатқан  Австралия халқының санынан көп.   

 

OddChina13 21 шокирующий факт про Китай

12. Қытайдың ластанған ауасы Тынық мұхитының ар жағындағы Сан-Франциско қаласының ауасын да ластауда. Дәлірегі, Сан-Франциско қаласы ауасының үштен бірін осы қытайлық шаһарлар ластап отыр.   

 

OddChina14 21 шокирующий факт про Китай

13. Тағам өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін қытай компанияларының кейбірі тағамды тұрмыстық қалдық судан дайындағаны әшкере болды және етті ешкінің зәрімен маринадтағаны да белгілі болды.

OddChina16 21 шокирующий факт про Китай

15. Бейжіңдегі ауамен тыныстау – күніне 21 темекі шеккенмен бірдей.

 
OddChina19 21 шокирующий факт про Китай

16.Қытайда жыл сайын 4 млн мысық желінеді.  

OddChina20 21 шокирующий факт про Китай

17. Шанхайдағы көлік кептелісі рекорд орнатты. Оның ұзындығы – 99 шақырымға жеткен және көлік жүргізушілер бұл кептелістен құтылуы үшін 12 күн күткен. 

OddChina21 21 шокирующий факт про Китай

18.  Чунцин елдімекенінде қалта телефонымен сөйлескен адамдар әңгімесін үзгісі келмесе осы мақсатта арнайы төселген жолмен жүреді. Жазатайым оқиғадан сақтанып, біреуді жарақаттап алмасы үшін немесе өзі кемтар болып қалмасы үшін.

1 пікір
Мұрағат