Қытайда туу көрсеткіші 2023 жылдың соңында ең төменгі деңгейге жетуі мүмкін
Қытайда туу көрсеткіші 2023 жылдың соңында ең төменгі деңгейге жетуі мүмкін
1 жыл бұрын 2296 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2023 жылы дүниеге келгендер саны 2022 жылғы рекордтық төмен көрсеткіштен төрттен біріне төмендеуі мүмкін. Яғни, дүниеге келетіндер қарасы 8 миллионнан кем түсуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде SCMP дерек көзіне жөн сілтеген prosud.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бейжің университетінің ғылыми денсаулық сақтау орталығының деканы Сиао Же соңғы бес жылда қытайдағы шақалақтар саны шамамен 40%-ға кеміген. Қытайда өткен жылы 9,56 миллион бала туды, бұл осы күнгі демографиядағы ең төмен көрсеткіш және бұл көрсеткіш алғаш рет 10 миллионнан төмен түсті. Өткен жылы Қытай халқы 850 мыңға қысқарды, мұндай тенденция 1961 жылдан бері алғаш рет байқалған. Сиао Женің пайымдауынша, туу көрсеткішінің құлдырауына техникалық қиындық себеп болып отыр, яғни, қымбат тұратын репродуктивті медициналық құрылғылар импортқа көп тәуелді. Бұған қоса, әйелдер мен балалар ауруын зерттеуге жеткілікті қаржы бөлінбейді. Бала туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты өткен жылы Қытайдағы балабақшалар саны 5610-ға азайып, 289200-ге жеткен. Білім министрлігінің мәліметінше, балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелерге баратын оқушылардың жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 3,7%-ға азайып, 2022 жылы 46,3 млн адамды құрады. Өткен жылы Қытай қалаларындағы жұмыс орындарының саны 8,4 миллионға қысқарып, 459,31 миллионға жеткен. Еңбекке жарамды азаматтар саны азайғандықтан экономика өсімі баяулап, компаниялар жаппай қысқартуға жол берді. Экономикалық қиындықтар белең алған сайын қытай жастарының болашаққа деген сенімі селдіреп, отбасын құруды кейінге шегеріп келеді. Өткен жылы некелескендер саны 6,83 млн-ға дейін кеміп, 1970-ші жылдағы деңгейге дейін құлдыраған.

0 пікір
Мұрағат