Қытайда тек 1 адамнан ғана тұратын компаниялар саны күрт артқан
Қытайда тек 1 адамнан ғана тұратын компаниялар саны күрт артқан
2 сағат бұрын 31 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайда бар-жоғы бір адамнан ғана тұратын компаниялар саны күрт артып барады. Бұл жайында islam.kz порталы Вusiness Іnsider ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Alibaba.com президенті Куо Шан платформа клиенттерінің 40%-ы - жалғыз жұмыс істейтін кәсіпкерлер екенін жеткізді. Мұндай құбылысқа жасанды зерде агенттері себеп болған. Сондай агенттердің бірі - OpenClaw қаптаған жұмысты бір өзі атқара береді: салық есеп-қисабын жүргізеді, логистиканы басқарады, маркетингті жүзеге асырады, клиенттерге қызмет көрсетеді және әлеуметтік желіні басқарады, арыз-шағымды қарайды, т.б. Осылайша аталған азиялық елде бір адамдық компанияның бизнес моделге трендке айналған. Өйткені, бірегей технология тұтас бөлімнің жұмысын бір өзі дөңгелетіп отыр. Әсіресе, шағын бизнесті  бизнесті жүргізудің мұндай үлгісі тек уақыт пен қаржыны үнемдеп қоймай, алға басуына ықпал етуде. Ашық бастапқы коды бар OpenClaw агенті ерекше танымал болған. Қытайда нағыз «алтын қызба» басталды: энтузиастар акцияларды сату, кездейсоқ кездесулер ұйымдастыру және бизнесті басқару үшін агенттер құрып жатыр. Көптеген OPC-компаниялар өз қызметтерін дәл осы OpenClaw-да құруға көшкен. Қытай сарапшысының айтуынша, америкалық және еуропалық пайдаланушылардың бұл технология туралы хабары аз және оның төңірегінде топтасқандары да некен-саяқ. Осылай деген ол тәуекел мен қатердің барын ескертеді: инвестициялар қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді мен өзін-өзі ақтауы қиын. Кейбір клиенттер «жүздеген долларды токендерге жұмсайды» және қажетті нәтижелерге қол жеткізбей, қызметін тоқтататып жатады. Сарапшылардың пікірінше, бір адамнан тұратын компаниялар санының өсуі - уақытша тренд емес, бизнес-нейрожелілердің тиімді мүмкіндігінен етек алып келеді. Қытай қалалары технологиядан басқа тегін тұрғын үймен, кеңселермен және 720 000 долларға дейінгі субсидиялармен OPC-стартаптарды тартады. Бұл жайт АІ-агенті бар бір адамның тұтас компаниялармен бәсекелесе алатын экожүйені құруға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат