Қытайда несиесін төлей алмайтын тұрғындар қарасы рекордтық деңгейге жетті
|
Пандемиядан бүгінге дейін несиесін өтемеген қытай тұрғындарының саны рекордтық деңгей жеткен. Ел экономикасы құлдырап, 8 млн-нан аса адам несие борышкері атанған. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times қаржылық ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай соттарының келтірген дерегіне қарағанда, жас шамасы 18-59 аралығындағы шамамен 8,54 млн адамды ел билігі ресми түрде қара тізімге енгізген. Қара тізімге енгендер ипотекадан бастап, бизнесі үшін несие алып қайтара алмағандар. Бұл тараптағы көрсеткіш жұмыс істейтін қытай ересектерінің шамамен бір пайызына тең және 2020 жылдың басынан бері дефолт жағдайында 5,7 миллионнан 8,54 миллионға дейін өскен, өйткені, жұқпалы індет пандемиясы экономикалық өсуді тоқтатты және үй шаруашылығының кірістерін төмендеткен. Hang Seng Bank China қаржы мекемесінің бас экономисі Ден Уан төлем қабілеті жоғалған немесе кеміген адамдар қарасының өсуі кезеңдік сипаттан өтіп, тұрақты (құрылымдық) сипатқа ие болған мәлімдеді. Қытай халық республикасының заңнамасынд қарастырылған талаптарға сәйкес қара тізімге енгізілген адамдарға экономикалық қызметпен айналысуға, соның ішінде, мобилді қосымша арқылы әуе билеттерін сатып алуға тыйым салынады.