Қытайда миссионерлік қызметке толық тыйым салынады
Қытайда миссионерлік қызметке толық тыйым салынады
8 күн бұрын 507 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай коммунистік партиясының таяуда жарияланған жаңа ережесіне сәйкес ел аумағында миссионерлік қызметке қатаң тыйым салынады. Аталмыш шектеу шарасы мамыр айының 1-нен бастап ресми түрде күшіне енеді. Бұл жайында islam.kz поорталы өз кезегінде persecution.org ақпарат көзіне жөн сілтеген inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан былай аталған мерзімнен бастап ел аумағында жүрген шетелдіктерге өзінің наным-сенімін жергілікті халыққа таңуға, насихаттауға, қандай да бір діни материалды бөлісуге, сондай-ақ, мемлекет тарапынан рұқсат алмай діни ұйым құруға тыйым салынады. Қытай билігі ұлт қауіпсіздігін желеу еткен қытайландыру науқаны аясында осы уақытқа дейін елдегі азшылықты құрайтын ұлттар мен ұлыстардың діни жөн-жоралғыларын қадағалап келген еді. Дәлірегі, діни бірлестіктердің қызметіне қатаң бақылау орнатқан. Дербес әрекетіне шектеу қойған. Қандай да бір наным-сенім Қытайдың коммунистік идеологиясына қайшы келеді, деп есептейді. Осы орайда Қытайдың әлемде аңду, тыңшылық технологиясы бойынша бірінші орынға шыққан ел екенін айта кетпекпіз. Тыңшылық немесе қадағалау аппаратының нақты ауқымын ешкім тап басып айта алмаса да бұл елде әрбір азаматтың басқан ізі аңдулы.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4