Қытайда жасы 35-ке толмай некелескен қалыңдық үшін төлем енгізілді
Қытайда жасы 35-ке толмай некелескен қалыңдық үшін төлем енгізілді
2 ай бұрын 1796 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Шанси провинциясындағы Лиулиан қаласының билігі егер қалыңдық 35 жастан аспаса, алғаш рет некеге тұрса, мұндай жұптарға 1,5 мың юан беретінін жариялады. Бұл шара қаладағы неке санының және бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне байланысты қолға алынып отыр: 2005 жылы 1 мың тұрғынға шаққанда орта есеппен 13,61 бала өмірге келсе, ал 2023 жылы - бар болғаны 6,6 баладан аспаған. Бұл жайында islam.kz порталы life ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша ұрпақ өрбітуге қабілетті жастағы жұптарды ынталандыру мақсатында қолға алынған шараға қоса қосымша төлемдер қарастырылған: алғашқы бала үшін 2 мың юан, екінші бала – 5 мың юан, үшіншісіне – 8 мың юан төлем қарастырылған. Мұндай ынталандыру шарасы кем дегенде екі қытай қаласында қабылданған екен: жас жұбайларға екі мың юан төленеді. Демографиялық ахуалы нашарлаған Қытай халқының саны соның ішінде халықтың қартаю процесінің жеделдеуі мен гендерлік теңсіздіктің белең алуынан кеміп барады. Бұл құбылысқа халықты асырау, жұмыс тауып беру, әлеуметтік төлемдерге қаржының жетіспеушілігі секілді мәселелерге тап келгендіктен өткен ғасырдың 70-ші жылдары «Бір отбасы – бір бала» шектеу саясаты ензілігені себеп болған еді. 

0 пікір
Мұрағат