Қытайда халық санын көбейту үшін студенттерді «махаббат каникулына» жіберіп жатыр
Қытайда халық санын көбейту үшін студенттерді «махаббат каникулына» жіберіп жатыр
2 жыл бұрын 1223 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдағы тоғыз кәсіби колледж студенттерді жұбын табуы үшін көктемгі каникулға жіберіп жатыр. Бұл шара елдегі соңғы жылдары төмендеп кеткен туу көрсеткішін көтеру үшін қолға алынып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы insider.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Студенттерге бір мезетте каникулды қалай өткізгені турасында күнделік жүргізуге тапсыра берді. Бұл тапсырма бірыңғайда студенттерден уақытын қалай өткізгенін білу үшін беріліп отыр, яғни, студенттер Қытай билігінің мақсатына сай өткізді ме, яғни, жұбын тауып, елдің демографиялық ахуалын жақсартуға үлес қосуға қаншалықты дайын екенін білу үшін беріліп отыр десе болады. Бұдан бөлек, Қытайдың кей компаниялары бойдақ қызметкерлерін үйленіп, үй болуы үшін, яғни, отбасын құруы үшін арнайы 30 күнге демалысқа жібереді. Демографиялық көрсеткіш, яғни, халық саны – елдің сыртқы саясатта айбынын асыратын маңызды өлшемдердің бірі ретінде қабылданады. Сөз орайы келгенде биыл Қытай халық саны жағынан Үндістаннан артта қалып қойды. Бұған талай жылдан бері жүргізілген «Бір отбасы – бір бала» саясаты өз кері әсерін тигізген болатын. Халықтың қартаю процесіне байланысты жұмысшы күшіне зәрулік бұл тараптағы саясатты өзгертуге мәжбүрледі.

0 пікір
Мұрағат