Қытайда ерекше мамандыққа сұраныс артып келеді
|
Қытайда өмір сүру құнының артуына және өзге де әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты күллі әлемді жайлаған ұйқысыздық індетінен кейін пайда болған бірегей мамандық танымал бола бастады - слипмейкерлер. Олар ұйқысы қашқан адамдарды жанға жайлы әңгімелерімен ұйықтауға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы scmp.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айрықша мамандық иелері негізінен қарбалас әрі қым-қуыт тірліктен, күйзелістен және басқа да өмірлік қиындықтардың салдарынан ұйқысыздыққа ұшыраған жастарға қызмет көрсетеді. Тәжірибелі маман сағатына 260 юанға (қытайдың төл ақшасы) дейін табыс таба алатыны хабарланды. Сонымен қатар, олар онлайн және офлайн режимінде жұмыс істей алады. Сеанс клиент ұйқыға кеткенде аяқталады.