Қытайда дүйім жұрттың көзінше 10 қылмыскер атылды (фото+видео)
|
Қытайдың Гуандун провинциясындағы Луфэн қаласында мыңдаған жергілікті тұрғынның, оның ішінде әйелдер мен балалардың көзінше өлім жазасына кесілгендердің есімдері жарияланды, - деп хабарлайды tengrinews.kz порталы 163.com. ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.
Стадион сахнасына 12 қылмыскерді алып келді, олардың көбі есірткі сатқаны үшін кінәлі деп танылған. Қалғаны - адам өлтірген және ұрлықпен айналысқан. Ең ауыр жазаға кесілгендерді полицейлердің қара түсті жүк көліктерімен алып келді, әрқайсын бірнеше қызметкер ертіп жүрді. Сотталушыларды бір-бірден шығарып, оған кесілген үкімді жариялады. Олар өлім жазасына кесіліп, дәл сол жерде жаза орындалған.
Өлім жазасы шарасына бірнеше күн бұрын қала тұрғындарына әлеуметтік желі арқылы шақыру жіберілген. Видеода көптеген адамның темекі шегіп, болып жатқан жағдайды телефон камерасына түсіріп тұрғанын көруге болады.