Қытайда байлардың қарасы күрт кеміп барады
|
Hurun (Хужунь) зерттеу институты Қытайдың ауқатты айдамдарының тізімін (Hurun China Rich List) жария етіпті. Аталған тізімді саралағанда кем дегенде 2 млрд юанға (290 млн долларға) ие Қытайдағы дәулетті адамдардың қарасы биыл күрт азайып кеткенін байқауға болады. Соңғы жиырма жыл ішінде алғаш рет рекордтық қарқынмен байлардың қарасы кеміп кеткен. Қытайдың ең бай адамы - Alibaba Group компаниясының негізін қалаған Джек Ма. Биыл аталмыш тізімге қытайдың 1893 бай адамы енген екен. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 11 пайызға кем. Юанды миллиардерлердің қарасы 2130 адамнан аспаған. Бұған ең алдымен АҚШ-пен арадағы сауда соғысы өз әсерін тигізген. Сауда соғысының кесірінен бай адамдардың тізімінен 456 адам шығып қалған. Ал Қытайдың ең бай адамы саналатын, Alibaba компаниясының қожайыны Джек Маның дәулеті соңғы жылы 10 млр доллардан 39 млрд долларға дейін артқан. Яғни, 50 жыл ішінде жиған-тергенінің 90%-ын бір жыл ішінде тапқан. Мына бір дерек те сіздерді бей-жай қалдыра қоймас деп ойлаймыз: 1980-ші жылдан кейін туғандар арасында бұл тізімге 132 адам енген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 32 адамға, ал 1985-ші жылдан кейін дүние есігін ашқандар арасында 56 адамға көп. Сондай-ақ, Қытайдың ең дәулетті адамдары арасында 1990-шы жылдан кейін өмірге келгендер арасында 10 кәсіпкер бар.