Қытайда Ауғанстанға байланысты жиын өтті
Қытайда Ауғанстанға байланысты жиын өтті
10 жыл бұрын 2903

Бейжіңде Ауғанстанның экономикалық-әлеуметтік ахуалын тұрақтандыру әрі жаңғырту мақсатында аймақтық ынтымақтастық мәселелеріне арналған министрлер деңгейінде 4-ші «Ыстамбұл процесі» деген тақырыппен ауқымды жиын өтті. Аталмыш шара барысында қазіргі уақытта Ауғанстанда қалыптасқан ахуал турасында пікірлер айтылып, ұлттық татулықтың келешегі мен осынау елді дамыту жайы сөз болды. Әсіресе, Ауғанстандағы және аймақтағы қауіпсіздікті нығайту, лаңкестікпен күресу және есірткі қатері жан-жақты талқыланды. Осылайша, өткен жылы, яғни, 2013 жылдың сәуір айында еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласында ауған факторына қатысты аталмыш тақырыпты қамтыған мәселелер тағы бір мәрте пысықталды.

0 пікір
Мұрағат