Қытайда артық салмақтан құтылғандарға сиыр еті беріледі
Қытайда артық салмақтан құтылғандарға сиыр еті беріледі
1 сағат бұрын 32 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың шығысында орын тепкен аудандардың бірінде семіздікпен күресуге қатысты ерекше бастама көтерілді. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жергілікті билік артық салмақтан арылуды ынталандыратын айрықша айла қолдануға көшті: әр кеміген салмақ үшін сонша сиыр еті сыйлыққа беріледі. Бұл бастама бірден қоғам назарына өзіне аударып, әлеуметтік желіде қызу пікірталасқа түрткі болды. Өзгеше бағдарлама таяуда Уси қаласының Лианси ауданында (Жиансу провинциясы) іске қосылды. Алғашқы үш күнде 2400-ден астам адам қатысуға өтініш берді. Бастамаға деген қызығушылықтың артқаны соншалық, басқа өңірлерден келген пайдаланушылар да акцияға қосылу мүмкіндігіне ие болу үшін Лианси ауданына қоныс аудару туралы әзіл-шыны аралас ұсыныстарын білдіріп жатыр. Ұйымдастырушылардың ойынша, бағдарлама адамдарды қызықтырып қана қоймай, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыруы тиіс. Сиыр еті түріндегі көтермелеу шарасы артық салмақты нақты, елеулі марапатқа «ауыстырудың» өзіндік символына айналды. Жобаға қатысудың бірқатар шарттары бар. Тек осы ауданда ресми түрде жұмыс істейтін және әлеуметтік немесе медициналық аударымдар жасайтын тұрғындар ғана өтініш бере алады. Бұдан басқа, нақты талаптар көзделген: дене салмағының индексі 23-тен жоғары болуы тиіс (бұл шама азиялық стандарт бойынша артық салмақ белгісі болып саналады). Сондай-ақ, әйелдердің белінің жуандығы 80 см-ден, ал ерлердікі 90 см-ден асуы тиіс. Осы жоба аясында бағдарламаға қатысушылар наурыз айының 23-27 күндері аралығында арнайы орында салмақ өлшетеді. Олардың әрбіреуіне бастапқы деректері жазылатын жеке карта ашылады. Сосын акцияға қатысқандарға артық салмақтан арылуға бірнеше ай мұрсат беріледі. Қорытындысы келесі жылдың қаңтар айының бас кезінде шығарылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама тек сыртқы нәтижеге ғана емес, сонымен қатар, тұрақты түрде салауатты әдеттерді қалыптастыруға да бағытталған. Билік бағдарламаға қатысушыларға салмақ жоғалтудың денсаулыққа қауіпті әрі күмәнді әдісін (соның ішінде арықтататын дәрілер қабылдауға қатаң тыйым салынады) қолданбау керектігін қатаң ескертеді. Керісінше, өмір салтын біртіндеп өзгерту құпталады: аз тамақтану, қалыпты дене белсенділігі, т.б.

0 пікір
Мұрағат