Қытайда 30 Американдық агент өлтірілген
Қытайда 30 Американдық агент өлтірілген
6 жыл бұрын 3528

2017 жылы The New York Times газеті Орталық барлау басқармасының агентурасы тарихындағы сұмдық жағдай жайлы жазды. 2010-2012 жылдары Қытайда ондаған американдық агенттер өлтіріліп, біразі қамалған. Осылайша, көптеген жылдар бойы жасалған желінің бір пәсте тас-талқаны шыққаны белгілі болды.  

АҚШ-та оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүргізіліп, аталмыш оқиғаға ОББ-нің бұрынғы қызметкері Джерри Чунь Шин Лидің тікелей қатысы бары анықталған. Қытайға агентуралық желіні дәл осы адам ұстап беріпті. 2018 жылдың қаңтарында оған ресми айып тағылды.

15 тамызда Foreign Policy басылымында жарияланған материалда, ОББ-ның 30 қызметкері мен қытайлық байланыстағы адамдар өлім жазасына кесілгені, әйтсе де желі тек сатқынның кесірінен ғана емес, коммуникация жүйесіндегі қателерге байланысты да жойылғаны жайында айтылады, - деп жазады Meduza.

ОББ мен ФТБ арнайы комиссиясы бұндай сәтсіздікке үш фактордың қатысы барын айтып отыр. Олар - сатқындық, агенттердің қырағылық танытпауы және коммуникация жүйесінен деректердің таралып кетуі. 

Мәлімет kaz.tengrinews.kz/ порталынан алынды. Жазбаның қазақшасын редакциялаған islam.kz. 

0 пікір
Мұрағат