Қытайда 1 млн-нан астам қарияға күтім жасауға арналған ваучер берілді
Қытайда 1 млн-нан астам қарияға күтім жасауға арналған ваучер берілді
1 сағат бұрын 42 kaz.inform.kz Айнұр Тумакбаева

KAZINFORM — Қытайда өзіне өзі қарай алмайтын 1 миллионнан астам қарт адамға мемлекет көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытайда өзін-өзі күту қабілетін орташа және ауыр деңгейде жоғалтқан қарт адамдарға күтім көрсету қызметтеріне арналған тұтынушылық ваучерлер беру бойынша мемлекеттік субсидия бағдарламасы 1,05 млн-нан астам қарт адамға көмегін тигізіп отыр.

Бұл туралы сейсенбі күні ҚХР Азаматтық істер министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтарда басталған бағдарлама аясында ел бойынша 3 млн-нан астам тұтынушылық ваучер өтеліп, олардың жалпы сомасы 2,35 млрд юаньды (шамамен 341 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл өз кезегінде тиісті қызметтерді тұтыну көлемінің 11,5 млрд юаньға өсуіне ықпал етті.

Субсидиялар ай сайын электронды купондар түрінде беріледі. Оларды үйде көрсетілетін түрлі медициналық және тұрмыстық қызметтерге төлеу үшін пайдалануға болады. Атап айтқанда, тамақтануға көмектесу, қозғалуына жәрдемдесу, гигиеналық күтім, үй жинау, шұғыл және медициналық көмек көрсету, сондай-ақ оңалту күтімі мен күндізгі қарау қызметтері кіреді.

Министрлік бағдарламаны кеңейту мақсатында рәсімдерді жеңілдетіп, қызмет көрсету сапасын арттырып, оның жүзеге асырылуын бақылауды күшейтетінін мәлімдеді. Бұл өз кезегінде көп қарт адамдардың реформалар мен дамудың игілігін көруіне мүмкіндік береді.

Бұған дейін 2024 жылдан бастап Қытайда заң талаптарын сақтамайтын 5 600-ден астам қаржы ұйымы жабылғанын жазған болатынбыз.

Айнұр Тумакбаева

0 пікір
Мұрағат