Қытай юаны әлемдік резервті валюта атанды
Қытай юаны әлемдік резервті валюта атанды
9 жыл бұрын 3765

Қытайдың юаны резервті валюта қоржынына қосылды. Тиісті шешімді Халықаралық валюта қоры қабылдаған. Қытай ақшасымен қатар бұл тізімде АҚШ доллары, еуро, британдық фунт-стерлинг пен жапондық йен бар. Юань 11 пайыздық үлесімен резевті валюта қоржынында доллардан кейін екінші орында тұр. Айта кеткен жөн, бұл тізім соңғы рет 1999 жылы өзгертілген еді. Ол кезде резервті валюта қоржынынан француз франкы мен неміс маркасы алынып тасталып, еуро қосылған болатын. Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының басшысы: - Юаньді резервті валюта қоржынына қосу шешімін халықаралық валюта қорының директорлар кеңесі қабылдаған. Бұл – Қытай экономикасының жаһандық қаржы жүйесіне бірігуіндегі аса маңызды қадам. Ол сондай-ақ аспан асты елі билігінің соңғы жылдар ішінде өзінің валюта және қаржы жүйесін реформалаудағы жетістігін білдіреді.

0 пікір
Мұрағат