Қытай WhatsApp-ты бұғаттап тастады
Қытай WhatsApp-ты бұғаттап тастады
7 жыл бұрын 3378 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі Қытай халық республикасының кезекті коммунистік партиясының сьезі қарсаңында WhatsApp мессенджерін бұғаттап тастады. Бұл жайында The New York Times мерзімді басылымы хабар таратты. Айта кетейік, WhatsApp бұл елде жұмыс істеп тұрған Facebook-тың соңғы өнімң болатын. Ал аталған әлеуметтік желінің өзін 2009 жылы жауып тастаған еді. Қытай аумағында Instagram-ға да кірсы жылдың шілде айының орта шенінде Қытай билігі WhatsApp мессенджеріндегі видеочат пен фото-сурет алмасу фукциясын бұғаттай бастаған еді., алайда, мәтіндік хабарлама жөнелтуге болатын. Ендігі жерде, тіпті, мәтінмен хабар алмасудың өзі мүмкін болмай қалды. Аталған ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Қытай билігі толықтай болмаса да интернет-сервистерді жиі бұғаттайды: жылдамдығы өте баяу болғандықтан ғаламтор пайдаланушысына қажетсіз етіп тастайтын, яғни, пайдаланушылардың өз еркімен интернетті пайдаланудан еріксіз бас тартқызатын еді. 

0 пікір
Мұрағат