|
Қытай тұрғындары Ибн әл-Хайсамның мыңдаған өнертабысымен танысты
|
Қытайда тұңғыш рет ғылым фестивалі аясында «Ибан әл-Хайсамның әлемі және 1001 өнертабыс» деп аталатын көрме өтті. Үстіміздегі жылдың шілде айының соңында Пекин қаласында өтетін бұл шара Біріккен Ұлттар Ұйымының осы жылды «Халықаралық жарық және жарық технологиясы жылы» деп жариялауына орай қолға алынбақ. Осы шарада XI ғасырда өмір сүрген мұсылман ғалым Ибн әл-Хайсамның оптикаға қатысты өнертабысы жұртшылықтың назарына ұсынылады. Көрме меймандары, сондай-ақ, аты аталған мұсылман ғалымы жайында түсірілген деректі фильмді тамашалап, оның «Китаб әл-маназир» («Оптика туралы кітап») еңбегінің мың жылдығын атап өтеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)