Қытай таза энергия өндіру межесіне мерзімінен бұрын жетті
Қытай таза энергия өндіру межесіне мерзімінен бұрын жетті
3 ай бұрын 1001 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай таза энергия өндірудегі мақсатына мерзімінен бұрын қол жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы turan.az  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып млім етті. Дәлірегі, жаңа жел генераторлары мен күн батареяларын іске қосудың арқасында бұл көрсеткішке белгіленген мерзімнен алты жыл бұрын қол жеткізген Бұған елдің Ұлттық энергетика басқармасының деректері дәлел. Аталған мемлекет шілде айында жалпы қуаты 1206 гигаватт болатын жел мен күн энергиясын 25 гигаваттқа арттырды. Күн және жел энергиясы қазіргі уақытта Қытайдың биылғы жалпы электр қуатының шамамен 14 пайызын құрайды. Сонымен бірге, Бейжің жаңғыртпалы энергия көздерін дамыту аясында осы жылдың бірінші жарты жылдығында көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларын іске қосуға рұқсат беруді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Тұтастай алғанда Қытай жерді апаттан құтқару бағытында көш бастап отыр. Халықаралық энергетикалық агенттіігі (ХЭА) сарапшыларының пікірінше, 2023 жылы Қытай 2022 жылы дүние жүзіндегі барлық елдердегінікін қоса алғанда бірдей мөлшерде күн панелдерін іске қосқан.

0 пікір
Мұрағат