|
Қытай тауды қақ бөлді (видео)
|
Қытай мамандары әлемдегі ең биік көпірмен жалғанатын автомагистрал тарту кезінде жолындағы тауды тура мағынасында қақ бөлуді ұйғарған радикалды инженерлік шешім қабылдапты. Бұл жайында islam.kz порталы shazoo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гуйжоу провинциясындағы Хуажиан қолатынан өтетін көпір шатқалдан биік орналасқаны сонша – Париждегі күллі әлем көз тіккен Эйфел мұнарасының өзі «тобығынан» әзер келеді. Сонымен тауды қалайша қақ бөлді? Гуйжоу провинциясы аумағының 92%-ы тау сілемдері мен жоталардан, қыраттар мен қырқалардан тұрады. Табиғаты тамылжығанымен соқпақ соғудан ары жол тқсеуге келе бермейді. Ойлы-қырлы жерлерді айналып өту үшін жыландай ирелеңдеген айналмалы тоннел салып жатқанша инженерлер төте жол үшін таудың опыруға тура келген.Хуажианн қолаты арқылы өтетін көпір - шатқалдан 625 метр биіктікте «жүзетін» немесе «қалқитын» аспалы құрылым. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол әлемдегі ең биік көпір атанбақ. Бұл құрылым шын мәнінде орасан зор: ұзындығы 2890 метрге жетеді, оның негізгі аралығы - 1420 метр және биіктігі бас айналдырады. Құрылысшылар 49 000 тонна болатты GPS бағыттауышы бар крандар мен жел датчиктерін қолдана отырып пайдаланды, өйткені, мұндай биіктікте, тіпті, самал желдің өзі елеулі қиындықтар тудырады. Осылайша саяхатшылар арнайы барып тамашалайтын тағы бір орын пайда болды. Ең басты артықшылығы – шалғайдағы шағын елді-мекендерді қалаға жақындатқан бірегей жобаа ретінде тарихта қалады. Биылдан қалмай пайдалануға беріледі. Гуйжоу провинциясы саны мен сапасы жоғары, рекордтық деңгейде биік көпірлерімен аты шыққан аймақ.