Қытай тәліптер билігін мойындауды кейінге шегерді
Қытай тәліптер билігін мойындауды кейінге шегерді
2 жыл бұрын 1203 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым деп танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынғған – ред.) билігінің заңдылығын тануды кейінге шегерді. Осылайша Қытай билігі ауған мүддесі мейлінше ескерілген әрі қомақты қаржы құюға дайын қытай компанияларына лития кенін өндіруге қатысты келісім-шартқа отыруға асықпайтынын мәлімдеген тәліптерге (қараңыз: «Тәліптер Қытаймен арадағы келісім-шартқа қол қоюға асығар емес» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-qytaimen-aradagy-kelisim-shartqa-qol-qoyuga-asygar-emes-18542/#gsc.tab=0) қарымта қайтарды. Қытай халық республикасының Ауғанстандағы арнайы өкілі Йуе Сиайун ауған билігін мойындауға әлі ерте екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Бейжіңге тәліптердің Ауғанстан аумағын басқа елдерге шабуыл жасау үшін пайдаланбау туралы уәдесін қаншалықты орындайтынына көз жеткізу үшін уақыт керек. Қытайдың лауазымды тұлғасының бұлай деуінің астарында Тайуанға қытай тарапы соғыс аша қалған жағдайда Ауғанстанды үшінші елдер Қытайға қарсы плацдармға айналдыру қаупі себеп болса керек. Бұған қоса, тәліптердің билікті ұстап тұра алатынына да көз жеткізгісі келеді. Өйткені, әлем қауымдастығының Ауғанстандағы әйелдер құқығына байланысты наразылықтан бөлек, ел ішінде тәліптердің қатал билігіне наразы тұрғындар қарасы көп.

0 пікір
Мұрағат