Қытай шетелге қашқан қанша коррупционерді қайтара алды?
Қытай шетелге қашқан қанша коррупционерді қайтара алды?
8 жыл бұрын 3016 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі 2014-2016 жылдар аралығында «Әуе желісі» деп аталатын науқан аясында қазына тонап, шетелге қашқан 2566 жемқорды елге қайтарды. Қашқын коррупционерлер әлемнің 90 елінде жасырынған екен. Олардың мемлекетке келтірген залалының орнын толтыру үшін Қытай билігі осындай қадамдарға барып, 8,6 млрд юанды (1250 млн долларды) қазынаға қайтарды. Бұл жайында  China Daily ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің мәліметіна қарағанда, олардың 1293-і өз еркімен елге оралған. 410-ы Қытай коммунистік партиясының мүшесі болған, олардың барлығы түрлі деңгейде мемлекеттік аппаратта қызмет атқарған. Қытай билігі шетелге қашқан жемқорларды қайтару үшін қолға алған «Әуе желісі» шарасының тиімділігін көрсеткенін алға тартып отыр. 2014 жылы шетелге 101 мемелкеттік қызметкер қашпақшы болса, өткен жылы олардың қарасы бар-жоғы 19 адамды құраған. Аталмыш шараның тетіктері мен әдіс-тәсілдері туралы дерек айтылмаған. 

1 пікір
  • Коррупциямен күрес дегеннен шығады:

    Көсемәлі Сәттібайұлының Фейсбуктегі жазбасынан:

    "Жемқорлардың мүліктерін кәмпескелеуге болмайды".Осылай деп анау-мынау емес, Абылай Мырзахметовтің өзі айтыпты Алматыда өтіп жатқан кәсіпкерлердің жыл сайынғы ІІІ құрылтайында. "У нас шанс есть" деп қояды дейді тағы біреусі. Өткенде "Егер жемқорлықпен ұсталған "ақ жағалылар" айыппұлын еселеп қайтарса, онда оларды түрмеге қамаудың қажеті жоқ" деп біреулері "шыр-пыр" боп шығып еді, енді мыналары отыр "шығынды жапсақ, мүлкімізді тәркілетпейміз" деп. Сонда не боп кетті өзі? Ең "гуманист" ел енді болайық деп тұрмыз ғой деймін.

    ...сонда деймін-ау, біз сыбайлас жемқорлықпен қалай күресіп жүрміз өзі? Күрескен түріміз осы ма? Одан қандай нәтиже күтуге болады?
    8 жыл бұрын
Мұрағат