Қытай құпия түрде дамушы елдерге 200 млрд доллар қарыз берген
Қытай құпия түрде дамушы елдерге 200 млрд доллар қарыз берген
5 жыл бұрын 2554

Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы Кармен Рейнхарт (Гарвард университеті) пен Себастьян Хорнның (Мюнхен университеті) және Кристоф Требештің (Киль институты) экономикалық зерттеулеріне сүйенген. Дамушы елдердің Қытай алдындағы қарызы кей елдердің ІЖӨ-нің тіпті 20% құрауы мүмкін. Бұл жайында arhar.kz ақпарат көзі мәлім етті. 

Қытайдың жалпы әлем елдеріне қанша қарыз бергені нақты белгілі емес. Бейжің қаржыны халықаралық қаржы институттары сияқты ашық түрде емес, көбіне құпия түрде береді. Рейнхарттың айтуы бойынша, «Қытайдың қарыз беру саясаты көптеген елге түбі ауыр соғады, сондықтан қарызды алған сәтте ойлану қажет». Рейнхарт бұрын ХВҚ-да Қытай бойынша сарапшы болып қызмет атқарған.

Көптеген қарыз берулер Қытайдың «Бір белдеу» атты жобасы аясында іске асқан. «Қытай әлем бойынша логистиканы дамытып, сауда жолын кеңейтуды көздеп отыр. Ол Азия, Африка елдеріне жаппай қарыз беруде. Мақсаты экономика болғанымен, онда үлкен саясат та жатыр. Сондықтан құпия қарыз берудің соңы неге әкелері белгісіз» дейді сарапшы.

Сарапшы Кармен Рейнхарт пен Кристоф Требештің айтуы бойынша «Қытайдан қарыз алатындардың саны пандемиядан кейін еселеп артады, ал Қытай өз кезегінде талабын күшейтетін болады».

0 пікір
Мұрағат