Қытай Парсы шығанағы есебінен әлемдік энергетика нарығындағы ережені өзгертеді – сарапшы
Қытай Парсы шығанағы есебінен әлемдік энергетика нарығындағы ережені өзгертеді – сарапшы
2 жыл бұрын 1212 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Angus Mordant / Reuters

Рана Форухар есімді  шолушы Қытайдың Парсы шығанағы елдерінен мұнайды юанмен сатып алуға көшуі әлемде жаңа энергетикалық тәртіптің қалыптасуына әкеледі деген пікір білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мақала авторының айтуынша, Қытай Халық Республикасының төрағасы Ши Жинпиннің Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі басшыларымен 2022 жылдың желтоқсанында кездесуі «мұнай-юан» жүйесін құруға әкелген.  Швейцариялық Credit Suisse банкінің сарапшысы Золтан Позар Қытайдың жаһандық энергетикалық нарық ережелерін «қайта жазуға» ниетті екенін, ал «мұнай-юанның» пайда болуы БРИКС елдерінің АҚШ долларынан есеп айырысу құралы ретінде бас тартуына алып келетінін жеткізді. Оның болжамы бойынша юанмен есептесетін транзакциялар саны артып, Қытай Парсы шығанағы елдерімен тығыз байланыста жұмыс істей бастайды, олардан сатып алынатын жанармай көлемін бірнеше есеге ұлғайтады.

0 пікір
Мұрағат