Қытай миды бақылайтын қару жасады деген күдікке ілінді
Қытай миды бақылайтын қару жасады деген күдікке ілінді
3 жыл бұрын 1576 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың сауда-саттық министрлігі Қытайдағы Әскери-медициналық зерттеу акадесиясына қарсы санкция салды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш министрліктің ресми сайтына жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, АҚШ билігі микробиологиямен, эпидемиологиямен, токсикологиямен, биоинженериямен айналысатын әрі ауруларды бақылайтын 11 зерттеу институтына сауда шектеуін енгізді. Бұл арада аталмыш министрліктің миды бақылауға арналған қаруды әзірледі деген күдікпен қытай институттарына санкция салғанын айта кету керек. Сөз орайы келгенде айта кетсек, АҚШ Конгресі Қытай құрамындағы Шыңжаң автономды ауданындағы ұйғырларды мәжбүрлеп жұмысқа жегудің алдын алу туралы заң жжобасына мақұлдаған болатын. Аталға заң талаптарына сәйкес Шыңжаң аймағындағы адам құқығының бұзылуына кінәлі жекелеген тұлғалар мен ұйымдарға санкйия салынады, бұдан бөлек, Шыңжаңнан тауар импортына шектеу енгізеді.

0 пікір
Мұрағат