|
Қытай күміс, болат және сүрмеге экспорттық бақылауды күшейтеді
|
Жаңа жылдан бастап Қытай билігі осы заманғы озық технология үшін аса маңызды минералдар мен күміс, болат және сүрмеге экспорттық бақылаудың қатаң саясатын енгізеді. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күміс, вольфрам және сүрменің шетелге шығарылуы әр екі жыл сайын мемлекет тарапынан мақұлданған экспорттаушы компанияларды тағайындау арқылы басқарылады. Ал болат экспорты кей өнімдер, соның ішінде қару-жарақ өндірісі бойынша едәуір қатаңдатылады. Табиғатта сирек кездесетін минералдардан бастап маңызды материалдарға дейінгі ресурстарға бақылауды күшейту іс-шаралары Америка құрама штаттары мен Қытай халық республикасы арасындағы шикізат үшін стартегиялық бәсекелестіктің елеулі тармағанына байланысты қолға алынып отыр. Осыған байланысты Қытайдың сауда-саттық министрлігі биылға және келесі жылға (2026-27) арналған экспорттауға рұқсаты бар компаниялар тізімін жариялады. Вольфрам бойынша он бес компания, сүрме үшін 11 және күміс үшін 44 компания экспорттау құқығына ие. Тексеруден өту үшін компаниялар экспорт тиімділігі, өндірістік қуаты және соңғы екі жылдағы сақталуы бойынша талаптарға сәйкес келуі тиіс. People's Daily-мен байланысты Securities Times дерек көзі: «Күміс ресми түрде Қытайдың стратегиялық ресурстардың ұлттық тізіміне енгізеді» деп мәлімдеді және: «Күміс маңызы жағынан табиғатта сирек кездесетін элементтер сияқты бір деңгейде» болатынын атап өтті. Қытай 16 жылдан кейін болат бұйымдарын экспорттауға рұқсат берді. 300 болат бұйымы - шикізат пен дайын өнімді қоса алғанда - экспорт үшін «сапаны тексеру сертификатын» талап етеді. Осы саланың инсайдерлері Бейжің арнайы болат балқыту үшін экспорттық рұқсат жүйелерімен қатар өте маңызды хром мен марганецті жинайтынын атап өтті. Егер табиғатта сирек кездесетін элементтер Қытайдың «ресурстарды қаруға айналдыруының» жаршысы болса, онда болат пен басқа да материалдарға бақылаудың күшейтілуі оның барлық жеткізу тізбегін - шикі минералдардан бастап аралық және дайын тауарларға дейін қамтитын стратегиясының басты фазасын білдіреді. Бұл Бейжіңге жаһандық жеткізу тізбегінің негізіне басымдық беруге мүмкіндік береді. Қытай билігінің мұнлай ресурстарға бақылауды күшейту шаралары өз кезегінде Оңтүстік Кореядағы автокөлік пен кеме өндірісінің шығынын арттыра бастаған. Қытай билігі бiр мезгiлде басқа елдерге барынша қысым көрсете отырып, дипломатиялық шиеленiстi барынша азайтуы мүмкiн. Сарапшылардың пайымдауынша, былтыр қарашада АҚШ үкіметі күмісті өзінің «аса қажетті минералдар» тізіміне ресми түрде енгізгеннен кейін, Бейжің күміс жеткізілімдеріне бақылауды тез қатаңдатқан. Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск өткен айдың 27-сінде Ақ үйдің бұл шешімін қатаң сынға алды: "Күміс көптеген өнеркәсіптік процестер үшін қажет. Бұл жақсылық емес" деп жазды әлеуметтік желіде.