Қытай көрші елден есектің еті мен терісін импорттайды
Қытай көрші елден есектің еті мен терісін импорттайды
4 ай бұрын 489 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай Пәкістанмен тек әскери, технология саласында ғана емес, сонымен қатар, ауыл шаруашылығында да ынтымақтасуда. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы ынтымақтастық аясында Пәкістаннан Қытайға есектің еті мен терісі экспортталатын болды. Ол ол ма, қытайлар Пәкістан аумағында есекті көптеп өсіруге арналған фермалар ашуды жоспарлап отыр. Жылына есектің 5.9 терісіне сұраныс бар. Бұл есектің жаппай жойылуына ықпал ететін, яғни, есек популяциясының жойылуына алып келуі мүмкін. Бұған қос, федералды ауыл шаруашылық жоғарғы оқу орнын тәмамдаған 1000 пәкістандық түлек замауи технологияға негізделген ауыл шаруашылығынығ қыр-сырын меңгеру үшін Қытайға білім алуға аттанды. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын механикаландыру бойынша аса ауқымды жоба қолға алынып жатыр, сондай-ақ, Пәкістанның мақта өнеркәсібін жаңғырту мақсатында гибридті мақта тұқымдарын импорттауға рұқсат беретін нормативтік актілерге өзгерістер енгізілуде. Пәкістан билігі ауыл шаруашылық өнімдерін әлемдік деңгейде бәсекеге жарамды ету шетелдік инвестиция тартуды көздеп отыр. Бұдан бөлек, бидай, мақта, күріш, жүгері және майлы дақылдарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі жоғары, климат өзгерісіне төзімді сорттарын ғана мақұлдайтын Сорттарды бағалау комитетінің (VEC) жүйесін қайта құрмақ. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында цифрлы трансформация жүріп жатыр. Тұқым шаруашылығын әзірлеу және реттеу жөніндегі ұлттық басқарма (NSDRA) тұқымдарды тіркеуді, сертификаттауды және бекітуді автоматтандыру үшін Басқарудың ақпараттық жүйесін (MIS) іске қосты. Сонымен қатар, федералдық үкімет климат дағдарысына байланысты өнімділікті арттыру үшін бидай плазмасын сынақтан өткізуде. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі жаңа ұлттық басқарма (NAFSA) аграрлық азық-түлік өнімдерінің экспортын оңтайландыру үшін құрылады, ал NSDRA тұқым сапасының жақсаруына және олардың бүкіл ел бойынша арзан болуына ықпал етуде.

0 пікір
Мұрағат