Қытай кедейлерді басқа жерлерге қоныстандыруға 140 млрд доллар жұмсайды
Қытай кедейлерді басқа жерлерге қоныстандыруға 140 млрд доллар жұмсайды
8 жыл бұрын 2774 inform.kz

Қытай, елдің халқы аз аудандарынан кедей тұрғындарды басқа жерлерге қонысын аударуға 2020 жылға дейін 946,3 млрд юань (140 млрд доллар) инвестициялайды. Би-Би-Си агенттігі ҚХР Ұлттық даму мен реформалар жөніндегі комиссиясына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қаржыландыруды мемлекетке тиесілі Қытай даму банкі мен Қытайдың ауыл шаруашылығын дамыту банкі іске асыратын болады. 

Қаражатты үйлер мен инфрақұрылымдарды салуға жұмсау жоспарланып отыр. Ақшаның жартысы босатылған жерлерді абаттандыруға бағытталады. Жаппай қоныс аудару - бұл 2020 жылға дейін елдегі 10 млн тұрмысы төмен тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі. Биылдың өзінде-ақ шалғайдағы аудандардан 2 млн адам ҚХР-дың анағұрлым жақсы елдімекендеріне көшіп келген. 

0 пікір
Мұрағат