Қытай жастары қаладан кетіп жатыр
Қытай жастары қаладан кетіп жатыр
3 ай бұрын 578 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай жастары мегаполистерден шағын елді-мекендерге жиі қоныс аударатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы қытай жастарының бұл тенденциясы туралы жазған Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім еттеді. Соңғы он жыл бедерінде қытай жастары жұмыс іздеп өнеркәсібі өркендеген қалалық жерлерге ағылып еді. Алайда, соңғы кезде ел экономикасының қарқыны баяулаған сайын жұмыссыздық белең алып, жастар жағы ірі агломерациядан ауылдық жерлерге қоныс аудара бастады. Соның салдарынан Бейжің, Шанхай, Гуанжоу және Шенжен секілді ірі қалаларда ағаш рет тұрғындар саны күрт кеміп кеткені тіркелді. Қытай жастарының бұл үрдісі ел билігінің ауылдық аймақтарға 2025 жылға дейін 300 мың жасты тарту жоспарымен тұспа-тұс келді. Ауыл шаруашылығын өркендету, бизнес бастамаларды қолдау, т.б. жобаларға экономикалық жағынан белсенді топты тарту арқылы жұмыссыздық мәселесін шешуге ден қойып отыр. Технологиялық инновациялар ортасы саналатын қалалардан түлектердің кетуі экономикалық өсуді тежейді, ал урбанизацияның баяулауы экономикалық өсудің негізгі драйвері саналатын - жаңа үйлерге сұранысты төмендетеді. Тұрақтылық пен тегін баспана және азық-түлік түріндегі жеңілдіктерге қарамастан, жастардың үлкен қалалардан көшуін сарапшылар құптап отырған жоқ. Осы орайда тамыз айында Қытай билігінің жастар арасындағы жұмыссыздық туралы деректерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тыйым салғанын айта кетпекпіз. Ал 2023 жылдың шілде айындағы мәлімет бойынша ірі қалалардағы жұмыссыздық деңгейі 16-24 жас аралығындағылар арасында 21,3 пайызға жеткен болатын.

0 пікір
Мұрағат