Қытай жастары ата-анасын баққаны үшін ақы алатын болды
Қытай жастары ата-анасын баққаны үшін ақы алатын болды
1 жыл бұрын 1820 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың бас кезінен бері қытай жастары өз ата-анасына ақыға қызмет етуді трендке айналдырған. Зейнеткерлер қартайғанда өзіне қарайтыны үшін балаларына ақы төлеуге көшкен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде CNN дерек көзіне жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңа жұмыс түрі «Балалардың толық жұмыс күні» деген атауға ие болды. Жастар міндетіне дүкеннен азық-түлік әкелу, үй жинау, ас әзірлеу, т.б. кіреді. Осы еңбегі үшін олар айына 800 доллар немесе одан да көп ақы алады. Мұндай жалақы мөлшері орта тап үшін айтарлықтай жеткілікті қаражат саналады. Қытайдың еңбек нарығындағы жұмыс тапшылығына байланысты жастардың бірден-бір табыс көзіне айналып отыр. Қытайда жұмыссыздық рекордтық деңгейге жеткен: 16-24 жас аралығындағы әрбір бесінші қытай екі қолға бір күрек таппай сандалып жүр. Ата-анаға ақыға қызмет етудің көптеген артықшылықтары барын алға тартып отыр әлеуметтанушылар. Атап айтқанда, туған-туысқандарының жанынан ұзамай, бір-бірін терең сыйлауға баулып қоймай, сонымен қатар, жастар баспана үшін ақы төлемейді, ас-суы тегін, т.б. Қытай жастары арасындағы жұмыссыздықтың өсуі өз кезегінде жергілікті колледж студенттері арасында әдеттен тыс интернет трендінің пайда болуына әкелді. Жергілікті түлектер әлеуметтік желілерге «зомби стилі» хэштегімен фотосуреттерді жаппай жүктей бастады. Осылайша елдің еңбек нарығының болашағы бұлыңғыр екенін меңзеп, қоғам назарын аударуда.

0 пікір
Мұрағат