Қытай инвестициясы географиялық бағытын өзгертті
|
Қытай инвесторлары Еуропа мен АҚШ-тың өндірісі мен жылжымайтын мүлігіне инвестиция құюдан бас тартып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде америкалық кәсіпкерлер институты келтірген дерекке жөн сілтеген The Wall Street Journal (WSJ) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Есесіне қытай алпауыттары оңтүстік-шығыс Азиядағы зауыттар мен Азиядағы тау-кен өндірісіне және энергетикалық жобаларға, сондай-ақ, Таяу Шығыс аймағы мен Оңтүстік Американың аса маңызды ресурстарына молынан қаржы салуда. S&P Global Ratings-тың Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша бас экономист Луис Куйстың айтуынша, Қытай инвесторларының бұл әрекеті АҚШ-пен арадағы геосаяси ахуалдың күрделі сипат алғанынымен байланысты. АҚШ пен Еуропа ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін қытай ақшасынан бас тартуда.