Қытай ғарышта соғысуға арналған жаттығу жүйесін әзірледі
|
Қытай мамандары ғарыш ресурсын игеру үшін болашақта болуы ықтимал қақтығысқа қатысты әскери қимылдарға арналған жаттығу жүйесін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың ұлттық қорғаныс технологиялар университетінің ғалымдары түрлі жағдайларды қалыптастыратын және әскери қимылдардың барысын болжай алатын ғарыштық әскери ойын жүйесін ойлап тапты. Аталмыш жүйеге сәйкес қытай әскері ғарыш кеңістігіндегі ұрыс қимылдарына дайындалады. Жаттығу жүйесін әзірлеушілердің пікірінше, ғарыштағы қақтығыс барлық спутниктік инфрақұрылымға және оларға қызмет көрсететін жердегі жүйелерге, соның ішінде зымыран ұшыру алаңдары мен ірі радиолокациялық стансаларға әсер етеді. Осының салдарында ұшақтар мен кемелер ғарышта спутниктердің көмегін пайдалана алмайды, бұған қоса, «шалғайдағы елді мекендердің әлеммен байланысы үзіледі». Бұл жүйе тиімділігін танытқан екен құпия ғарыш миссиясында. Екі айға созылған бұл бағыттағы жаттығуға 400 курсант іріктелген әрі жаттығудан өткен. Осы орайда америкалықтар ғарыштық барлау құралдарын әзірлеу саласында көшбасшылығынан айырылғанын айта кету керек. Ал ABC News арнасына сілтеме жасаған The Drive ақпарат көзінің хабарынша, өткен айда 300 қытай ғарыш кемесі австралиялық Talisman Sabre және Malabar жаттығуларын бақылағанын хабарлайды. Қытай спутниктері жаттығу алаңдары үстінде 3 мыңнан аса мәрте ұшып өткен.