Қытай ғалымдары әлемде алғашқы болып өсімдіктен сирек кездесетін металл өндірді
Қытай ғалымдары әлемде алғашқы болып өсімдіктен сирек кездесетін металл өндірді
18 күн бұрын 395 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғылым академиясының Гуанжоу геохимия институтының (Guangzhou Institute of Geochemistry) ғалымдары америкалық әріптестерімен бірге әлемде алғаш рет тірі өсімдіктен табиғатта сирек кездесетін мнерал өндірудің жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Минералдар Blechnum orientale деп аталатын қырыққұлақта (папоротник) табиғи жолмен кристалданады. Бұл бағыттағы зерттеу фитомайнинг саласындағы аса ірі жетістік ретінде алға шығады - өсімдіктер топырақтан құнды минералдарды алу үшін пайдаланылады, сонымен бірге, ластанған аумақтарды тазартады. Лантан, неодим және церий сияқты сирек кездесетiн жер элементтерi жоғары технологиялық құрылғыларды, магниттер және басқа да компоненттер өндiрісінің негізгі элементтері ретінде белгілі, алайды, оларды өндiрудің қолданыстағы әдісі экологияға зиян келтiредi. Фитомайнинг бірден екі мәселені шешеді: топырақты сирек кездесетін жер элементтерін қайта өңдеу қалдықтарынан  тазартуға және бір мезгілде элементтерді өсімдіктерден табиғатқа зиян келтірмей алуға мүмкіндік береді.Бұл тараптағы тәжірибе барысында ғалымдар табиғатта сирек кездесетін элементтер қырыққұлақтың тірі тіндерінің ішінде кристалданатын минералды фаза - монациттің наноөлшемді кристалдарын тапты.  Минерал  өсімдіктен тікелей алынды. Топырақтан ауыр металдарды тиімді жолмен шығаруға қабілетті қырыққұлақтар мен басқа да қолайлы өсімдіктерді кеніш көзінен табиғатта сирек кездесетін элементтерді өнеркәсіптік жолмен шығарғаннан кейін пайда болатын үйінділерде  өсіруге болады. Мұндай өсiмдiктер топырақтағы табиғатта сирек кездесетiн металдардың мыңдаған есе көп мөлшерiн өзiне шоғырландыраа алатынын көрсеттi. Табиғатта сирек кездесетін жер элементтерінің нанокристалдары қалыпты химиялық реакциялар барысында тұздардың концентрацияланған ерітінділерінде болатындай табиғи түрде қырыққұлақ тіндерінде кристалданады. Табиғатта сирек кездесетін шикізатты алу үшін жасыл массаны (өсімдік қалдықтарын) өңдеу саласын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат