Қытай энергетикасын көмірге көшіруде
Қытай энергетикасын көмірге көшіруде
2 жыл бұрын 1261 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Aly Song / Reuters

Қытай билігі жаңа көмір электр стансаларының құрылысына көптеп рұқсат бере бастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Greenpeace ұйымының дерегіне жөн сілтеген Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ел электр қуатының тапшылығы қаупі ұлғайған жағдайда қытай билігі осылайша аталған ең лас энергия көзіне тәуелділігін арттыруға шешім қабылдады. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 2022 жылдың алғашқы, яғни, бірінші тоқсанында 8,63 гигаватт қуатын жағуға рұқсат етілді, бұл 2021 жылдың осы сладағы барлық рұқсаттардың 47 пайызына тең. Greenpeace сарапшысы У Жынханның айтуынша, Қытайдағы электр энергиясына қатысты проблемалардың өндіріспен еш байланысы жоқ, яғни, өндіріс қуатын арттыру үшін көмірге көшіп жатқан жоқ, өйткені, елдегі көмір электр стансаларының өндірген қуаты артылып жатыр. Бар гәп – осы артық энергияны сақтауға ден қоймай отыр. Сарапшының сөзіне қарағанда, көмір электр стансаларына басымдық беру ендігі жерде проблема тудырғаннан басқа пайдасы жоқ. 

Ұқсас материалдар:

«Үнділер ең лас отын өндірісін 1 млрд тоннаға дейін жеткізбек» (https://islam.kz/kk/news/alem/undiler-en-las-otyn-ondirisin-1-mlrd-tonnaga-deiin-jetkizbek-16746/#gsc.tab=0);

«Көмірді пайдаланудан рекорд орнатқан ел» (https://islam.kz/kk/news/alem/komirdi-paidalanudan-rekord-ornatqan-el-16470/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат