Қытай экономикасының траекториясы: АҚШ деңгейіне қашан жететіні немесе жетпейтіні есептелді
Қытай экономикасының траекториясы: АҚШ деңгейіне қашан жететіні немесе жетпейтіні есептелді
1 жыл бұрын 1124 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) бүгінгі тенденциясы (қарқыны) сақталатын болса, 20 жылдан соң АҚШ-тың бұл бағыттағы көрсеткішіне шаққанда жан басына 44 пайызға жетпек. Пенсилвания университетінің ғалымы Хесус Фернандес Виллаверденің, UCLA жоғарғы оқу орнының ғалымы Ли Оганианның және Бейжіңдегі Синхуа университетінен Уен Йаоның бірікке зерттеу еңбегінде осындай дерек келтірілген. Бұл жайында islam.kz порталы kommersant ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында қазіргі өнімділік факторы негізіндегі экономикалық өсудің төменгі шегі бағаланған. Экономистер әлеуметтік және саяси мәдениеттері ұқсас елдерде жаңа технологиялардың үлесі де ұқсас келетінін, сондай-ақ, даму траекторияларының да ұқсас заңдылықтармен жүретінін ескере келе экономикалық өсудің қазіргі ерекшеліктерін де, институционалдық өзгерістер жылдамдығын да назардан тыс қалдырмаған екен. Егер ұқсастық жалғаса берсе, онда Қытайдың ЖІӨ өсімі төмендей береді және 2043 жылға қарай ол АҚШ-тан төмендеп, тұрақты сипат алады. Мұндай деңгейдің (төменгі шектің) сақталуына инвестициялардан түсетін кірістің төмендейтіні, жаһандық бәсекелестіктің күшеюі, халықтың, дәлірегі, жұмысшы күшінің азаюы мен қартаю процесінің қарқын алуы себеп болмақ. Сонымен бірге, алдағы 20 жыл ішінде жаһандық экономиканы түбегейлі өзгертетіндей күйзеліс пен өзгерістер бола қоймайтыны айтылған. Сарапшылардың пікірінше, Қытай ешуақытта толыққанды дамыған державаға айнала алмайды, дамушы елдер қатарында қалмақ.

0 пікір
Мұрағат