Қытай эконоикасын күйрететін жасырын фактор анықталды
Қытай эконоикасын күйрететін жасырын фактор анықталды
1 жыл бұрын 1044 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Tingshu Wang / Reuters

Қытай муниципалитеттерінің жалпы қарыз мөлшері 92 трлн юанға (12,8 трлн доллар) жеткен немесе аталған елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 76 пайызын құрайды. Соңғы 4 жылда бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 13,8 пайызыға дейін өскен. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салыстыру үшін алсақ: пандемияға дейінгі 2019 жылы Қытай муниципалитеттерінің жалпы қарызы ЖІӨ-нің 62,2 пайызын құраған. Бұл теріс динамика экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің сәтсіздігін көрсетіп берді. Қытай муниципалитеттерінің қарыздары ішінара жергілікті үкіметтің қаржылық органдары шығарған LGFV (жергілікті үкіметтің қаржылық құралдары) арнайы облигацияларынан тұрады. Өз кезегінде аймақтық органдар экономиканың түрлі салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін қаражат алады. Осы уақытқа дейін мұндай «жасырын» қарыздар ресми статистикада есепке алынбаған еді. Дегенмен, бірнеше жыл бұрын мұндай міндеттемелерді анықтайтын арнайы құралдар пайда болды. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) сарапшыларының болжамы бойынша бұл сегменттегі жалпы қарыз 2023 жылдың соңына қарай 9 триллион долларға жетпек.

0 пікір
Мұрағат