Қытай дизель және бензинмен жүретін көліктерге тыйым салады
Қытай дизель және бензинмен жүретін көліктерге тыйым салады
7 жыл бұрын 3097 7kun.kz Айгүл Хожантаева

Қытай дизельдік және бензин қозғалтқыштары бар автомобильдерге толығымен тыйым салуды қалайды. Бұл туралы Қытай Индустрия және ақпараттандыру вице-министрі Син Гобин мәлімдеді.

Қазір министрлік іштен жану қозғалтқышы бар автокөліктерге тыйым салуға арналған жол картасын жасап жатыр. Бұл әлемдік автокөлік нарығының үштен бірін алатын Қытай үшін ластану деңгейін төмендетуге және автокөлік саласын жаңартуға мүмкіндік береді. Жобаларды жасауда Норвегия, Франция және Ұлыбритания үлгісін ұстанатын болады.

«Әлемдік автокөлік нарығындағы компаниялар емес, билік ықпалды болады. Дизельдік автокөліктер Еуропалық Одақ нарығында шамамен 50 пайызды құрайды. АҚШ-та 1 пайыздан аз. Бұл әр түрлі салық жүйелері мен эмиссиялық стандарттарға байланысты»,- дейді  Bloomberg шолушысы Дэвид Фиклинг.

Әлемдік автоөнеркәсіп нарығындағы компаниялардың 80 пайызы іштен жану қозғалтқышы бар автокөліктерді кезең-кезеңмен тастап, электр көліктеріне көшіп жатыр. Дегенмен компаниялар электрлендіруді сақтықпен өткізеді. Өткен жылы әлемде үш күннің ішінде 695 мың бензин және дизель қозғалтқышы бар автокөліктер сатылса, керісінше осынша көлемде электркөліктері сатып алынған.

0 пікір
Мұрағат