Қытай дамушы елдерге қарызды құпия шарттармен берген
Қытай дамушы елдерге қарызды құпия шарттармен берген
4 жыл бұрын 5494 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі дамушы елдерге қарызды құпия шарттармен берген. Бұл жайт өз кезегінде өзге қарыз беруші елдер алдында Қытайға артықшылық беріп келген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде бұл тараптағы сараптау баяндамасында келтірілген дерекке жөн сілтеген Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай билігінің мұндай қадамы табыс деңгейі төмен елдердің қарызын төмендету жөніндегі талпынысын зая кетірмек. Аталмыш баяндама авторлары Қытай бекіткен жүз келісім-шартты сараптамадан өткізген екен. Онда құпиялық туралы тармақ барын анықтаған. Бұл тармақ өзге қарыз берушілерге қарыз алушының шынайы қаржылық жағдайын анықтау мүмкіндігін қиындатады. Бұдан бөлек, келісім-шартта қарастырылған бірқатар шарттар қарыз алушының ішкі және сыртқы саясатына өз әсерін тигізген. Сондай-ақ, қытай банктері қарыз алушы елді қарызды Париж клубының қайта құрылымдау тізімінен алып тастауға міндеттеген. Осы тұста оқырманға түсінікті болу үшін Париж клубы туралы қысқаша тоқтала кетпекпіз: аталмыш ұйым қарыз алушы елдердің мемлекеттік қарызын қарыз беруші  елдер алдында реттеумен айналысады. Қытай дамушы елдерге қарыз берген тәуелсіз қарыз берушілер тізімінде бірінші орыннан көрінген. Сөз орайы келгенде ғаламдық қарыз мөлшері 2020 жылы рекордтық деңгейге жеткенін айта кетпекпіз – 281 трлн доллар, бұл бас айналдырар көрсеткіш әлемдік экономика мөлшерінен 3,5 есе артық. Сарапшылардың болжамына сәйкес бір жарым жылдан кейін ғаламдық қарыз мөлшері 300 трлн долларға жетеді. Өткен жылы ғаламдық қарыз 24 трлн долларға артқан. Бұл қарыздың жартысы әлемнің алдыңғы қатарлы экономикасына ие АҚШ, Ұлыбритания, Еуроодақ, Оңтүстік Кореяға тиесілі.

0 пікір
Мұрағат