Қытай бір ғана тыйыммен шектеліп қалмайды....
Қытай бір ғана тыйыммен шектеліп қалмайды....
6 жыл бұрын 3054 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, таяуда Қытай билігінің ұрық тәжірибесіне, яғни, эмбрион ДНК-сына тәжірибе жасауға тыйым салғаны әрі осы салада әлемді елең еткізген жаңалық ашқан ғалымның із-түссіз, ұшты-күйлі жоғалып кеткені турасында хабарп таратқанбыз. Қытай билігі мұнымен ғана шектеліп қалмапты, ғалымдардың ізденісіне шектеу қоятын шараларды көбейтіп жатыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, ғалымдарды да әлеуметтік рейтинг жүйесіне кіргізетін болды. Естеріңізде шығар, кезінде хабарлағанымыздай, Қытай аумағында 2013 жылы әлеуметтік рейтинг жүйесінің қолға алынып, қолданысқа енген болатын. Яғни, аталған әлеуметтік жүйе тізімінде тұрсаңыз, сізге мемлекет тарапынан берілетін жәрдемдер мен өзге де иглікітерге қол жеткізу қиындай бермек. Бұл әлеуметтік жүйеде қоғамдық ортада өзіңізді қалай ұстағаныңыз, тәртібіңіз, жүріс-тұрысыңыз, қылмысқа барған-бармағаныңыз, т.б. барлығы ескеріледі. Соған орай аталмыш жүйедегі орныңыз белгіленіп отырады. Қытай билігі миллиардтаған халықты осылайша бір шыбықпен жусатып, өргізіп отыр. Ендігі жерде ғалымдар да бұл жүйеден тыс қалмақ емес. Қоғамда шу тудыратын, этиканы бұзатын жаңалық ашқан ғалым "қара тізімге" еніп, сыйақыдан қағылады, банктен несие ала алмайды, мемлекеттік қызметке алынбайды немесе өзі копһмпания аша алмайды, т.б. Бұл жайында Nature News ақпарат көзінің тілшісі Дэвид Сайраноски хабар таратты. Қазіргі уақытта бұл қара тізімге он млн адам енген. Ал өз еркімен қан тапсырып, қоғамдық жұмысты тегін істеген (мәселен, қоқыс терген, т.б.) адамдарға қара тізімнен шығуға мүмкіндік берілмек, Яғни, бонус жазылады. Айтқандайын, әлемді шулатқан Хэ Цзянькуй ғалымның із-түссіз, ұшты-күйлі жоғалып кеткені турасында хабарлаған едік қой, Ұзынқұлаққа қарағанда, оны тұтқындап әкеткен. 

0 пікір
Мұрағат