Қытай билігі цензураның жаңа түріне көшеді: жасанды зердені «бақылап-аңду» тетігін іске қосып жатыр
Қытай билігі цензураның жаңа түріне көшеді: жасанды зердені «бақылап-аңду» тетігін іске қосып жатыр
2 сағат бұрын 47 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі жасанды зердеден «социалистік жүйені төңкеріп» тастай ма деп қауіптенеді. Бұл жайында islam.kz порталы livemint.com ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жылдың қараша айында Бейжің елдің АІ саласындағы компанияларымен бірігіп, чат-боттарды саяси тақырыптағы пәндер бойынша сүзгіден өткізілген деректерге оқытуға кепілдікті талап ететін ережені бекітті. Жасанды зерде қалыптастырған барлық видео, бейне, мәтін, контент белгіленіп, қатаң қадағалануы тиіс. Бұл шара өз кезегінде мемлекет саясатына қайшы контенттің жария болмауына ықпал етуі тиіс. Қытайдың төтенше жағдайларға дер кезінде жауап қатудың ұлттық жоспарында жасанды зерде технологиясы зілзала және жұқпалы індет секілді аса қауіпті санатқа жатқызылған. Биыл, тіпті, мемлекет басшысы Си Жипин (Xi Jinping) АІ-ды “шексіз қауіп төндіретінін” мәлімдеген болатын. Осығаен байланысты арнайы қолға алынған заңсыз әрі залалды контенттермен күрес науқаны аясында 960 мың жарияланым жойылды. Осы орайда қытайлардың бұл салада өзге елдерден оқ озық бойы озық шыққанын айта кетпекпіз. Бұл технологияның ел мүддесі мен эксономикасына орасан зор пайдасымен қатар зиянын шекпеу үшін кейбір көрсеткіштер бойынша Қытай көш бастап тұр. Солның ішінде зорлық-зомбылықты немесе анайы контенттерді мейлінше азайтқан. Өткен айда Қытайда қабылданған АІ стандарттарына сәйкес бұл технология саласындағы компаниялардың тестілеушілері кездейсоқ түрде олардың жасанды зерде жұмыс істей алатын контенттің әрбір форматы үшін 4 мың бірлік оқыту деректерін бағалауы тиіс (мәтін, видео және бейне контенттері). Компаниялар материалдың кемінде 96%-ы қауіпсіз деп есептелетін көзді пайдалана алады. «Қауіпсіздігін» анықтау үшін құжатта 31 қауіп-қатер көрсетілген. Басты қауіпке «мемлекеттік билікті  және социалистік жүйені құлатуға итермелеумен» байланысты контенттер жатады. Сондай-ақ, қауіп-қатерлерге зорлық-зомбылықты, жалған ақпаратты немесе кемсітушілікті насихаттайтын дереккөздер және біреудің суретін рұқсатсыз пайдаланатын контент жатады. Қандай да бір моделді көпшілік үшін іске қосар алдында қытай компаниялары тестілеупроцедурасын өткізеді: оның барысында чат-бот мемлекеттік билікке нұқсан келтіретін немесе кемсітетін реакцияларды қоздыруға арналған сұрақтардың кем дегенде 95% -ына жауап беруден бас тартуы тиіс. Тестілеу айына кемінде бір рет жаңартылатын 2 мың сұрақты қамтиды. Тестілеуге дайындық соншалықты күрделі болғандықтан, АІ-компанияларға оны өтуге көмектесетін мамандандырылған агенттіктердің тұтас индустриясы жұмылдырылады. Тест тапсырғаннан кейін чат-ботты іске қосу кезінде Қытайдың киберқеңістік басқармасының жергілікті бөлімшелерінде экспресс-тесттер өтеді. Айта кету керек, АІ-сервистерді пайдаланушылар телефон нөмірінің немесе жеке куәліктің көмегімен тіркелуі тиіс. Бұл шара технологияны пайдаланушының жасырын қалуына жол бермейді. Сондықтан ережені бұзушыны анықтау оңайға түседі. Қытай үкіметі тамыз айында «АІ плюс» бағдарламасын іске қосты. Аталмыш бағдарламаға сәйкес 2027 жылға қарай АҒІ-технологиясы негізгі секторлардың 70% -ында пайдаланылатын болады. Қыркүйекте үкімет Alibaba және Huawei сияқты технологиялық алыптардың пікірлерін ескере отырып әзірленген АІ жол картасын жариялады, бұл мемлекеттің ИИ-индустриясымен серіктестікке сенімділігін көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат