Қытай билігі технология сарапшыларының шетелге сапарын қадағалайтын болады
Қытай билігі технология сарапшыларының шетелге сапарын қадағалайтын болады
9 ай бұрын 1101 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі жасанды зерде саласының майын ішіп, жілігін шаққан білікті мамандарының шетелге шығуын бақылауға алмақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Wall Street Journalмерзімді басылымына жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай билігінің мұндай сақтық шара танытуына АІ сарапшыларының бөгде елде технологиялық құпия деректерді жариялау қатері себеп болып отыр. Ол ол ма, АІ сарапшыларын ұстап, өз мүдделеріне пайдалануы мүмкін. Қытай билігінің мұндай қаупін негізсіз дей алмайсыз: Канадада 2018 жылдың желтоқсан айында Америка құрама штаттарының өтінішімен Huawei компаниясының жетекшісін ұстаған болатын. Иранға қарсы салынған санкцияны бұзғаны үшін. Қытай билігі жасанды зерде мен робототехника сияқты басқа да стратегиялық маңызды салалардағы жетекші компаниялардың басшыларына, егер аса қажет болмаса, АҚШ-қа және ааталған елмен одақтас мемлекеттерге бармауға кеңес беруде. Ал аса бір маңызды себеппен шетелге шығатын болса, алдын ала бұл сапарын билікке айтып қоюы тиіс. Ал шетелден оралған  соң билікке кіммен кездлескенін, қандай мақсатта жолыққанын, т.б. мәлімет беруі керек.

0 пікір
Мұрағат