Қытай билігі кәмелет жасына толмаған бала барғаны үшін ғибадат ғимаратын жауып тастады
Қытай билігі кәмелет жасына толмаған бала барғаны үшін ғибадат ғимаратын жауып тастады
1 сағат бұрын 28 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Хэнан провинциясының билігі католиктердің бір ғасырлық тарихы бар жергілікті шіркеуіне қатысты әкімшілік жаза ретінде жауып тастады. Бұған кәмелет жасына толмаған баланың  литургияда, яғни, құлшылық кезінде пианинода ойнағаны себеп болған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде China Aid ақпарат көзіне жөн сілтеген христиандардың inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Діни жоралғыға байланысты мұндай қатаң шектеу шарасы Сүйшан қаласындағы Бейду ауданында орын тепкен Хубин-роуд шіркеуінде қараша айының 30-ы күні орын алған. Арада екі күн өткен соң Католиктік шіркеу істері жөніндегі жергілікті комитет пен Патриоттық католиктер қауымдастығы (мемлекеттік органдарға толық бағынышты ұйымдар) құдайға құлшылық етуді дереу тоқтатып, «түзету шаралары» бар жазбаша есеп беруді талап етті. Мұндай шектеу шарасы Қытайдың “Дін істері жөніндегі ережеде” және мемлекет тарапынан жүргізілетін білім мен діннің арасын ажырату саясатында қарастырылған. Осы талаптарға байланысты жастар мен балаларды кез келген діни жораалғыларға тартуға тыйым салынған. Құқық қорғаушылар мен сарапшылар мұндай шектеулер ҚХытай халық республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарына, атап айтқанда, діни сенім бостандығына қайшы келетінін атап өтті. Олардың айтуынша, діни бостандықты нақты қорғаудың орнына мемлекеттік құрылымдар бақылауды одан әрі күшейту үшін әкімшілік шараларды қолданады, іс жүзінде балаларды діни дәстүрлермен танысу және рухани таңдау жасау мүмкіндігінен айырады. Католиктердің жанына бататыны - санкциялардың ресми түрде шіркеудің әкімшілік органдарынан шыққаны болып отыр, алайда бұл ұйымды христиан діндарлары шіркеу қоғамдастығының өкілдері емес, мемлекеттік аппараттың бөлігі ретінде қабылдайды. Хубин-роудтағы католик шіркеуін 1909 жылы Парм миссиясының италиялық қоғамының миссионерлері салған. Ол ХХ ғасырдағы соғыстарды, саяси науқандарды және діни нысандардың қирау толқынын көрген. Тек 2003 жылы қалпына келтіріліп, қайта ашылған.

0 пікір
Мұрағат