Қытай билігі жойқын дауылдан 7 мың адамды эвакуациялады (ФОТО, ВИДЕО)
Қытай билігі жойқын дауылдан 7 мың адамды эвакуациялады (ФОТО, ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2791 BNews.kz

Қытайда екі-үш күннен бері қатты дауыл соғып, нөсер жауын толастамай тұр. Осыған байланысты елдің оңтүстігіндегі Гуйчжоу провинциясының билігі 7 мыңдай тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Кейбір аудандарда сәрсенбіден бері 240 мм жауын-шашын түскен. «Нида» тайфунынан 400-ге жуық үй қирап, 1,2 мың гектар алқапқа зиян келді.

Жойқын дауылдан провинцияға 17,94 млн юань (2,7 млн доллардай) экономикалық шығын келді, деп жазады ТАСС.

Алапат дауыл  Гуандун, Гуйчжоу, Хунань мен Юньнань, сондай-ақ Гуанси-Чжуанский автономды ауданын жайпап өтті. Жел сағатына 151 шақырым жылдамдықпен соғып тұр.

ҚХР Азаматтық әкімшілік министрлігінің мәліметінше, табиғи апаттан 495 мың адам зардап шеккен. Табиғаттың тосын мінезі Қытайды 510 млн юань (76,9 млн доллар) шығынға батырды.

 

0 пікір
Мұрағат